Бюрода мемлекеттік басқару академиясының профессорлық құрамымен кездесу өтті

Бюрода мемлекеттік басқару академиясының профессорлық құрамымен кездесу өтті

Ұлттық статистика бюросында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен кездесу өтті.

Делегаттарды қарсы алған Бюро басшысы Жандос Шаймарданов ЖОО өкілдеріне академия студенттерінің деректер жөніндегі сауаттылығын арттырудағы меморандум аясындағы ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Бүгінде аталған келісім аясында академия студенттері статистика негіздері бойынша Бюро әзірлеген «Data literacy» курсынан өтіп жатыр.

Кездесу барысында ақпараттық есептеу орталығының Талдамалық шешімдерді қалыптастыру департаментінің директоры Сәрсен Жанабеков «Мемлекеттік статистика мен ұлттық деректер экожүйесін дамыту» тұжырымдамасы шеңберінде бюроның реформалаудағы негізгі бағыттарын атап өтті. Спикер талдау жасау әлеуеті мен деректерді таратудағы қолжетімділікті кеңейту мәселесіне де тоқталды.

Бүгінгі таңда академиялық ортамен ынтымақтастық орнатылып, зерттеушілерге микродеректерді ұсыну мүмкіндігі бар. Stat.gov.kz ресми сайтында макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша интерактивті дэшбордтар жарияланған.

Бюро қызметкерлерінің өздері талдау, деректерді визуализациялау және болжамды талдау жасау курстарынан өтіп жатыр. Сондай-ақ кездесу барысында қазақстандық статистиканы дамытуға, ілгерілетуге және қолдауға бағытталған университеттің ғылыми және білім беру платформаларымен ынтымақтастық орнату мәселелері талқыланды.

Сонымен бірге, тараптар Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерінің ғылыми зерттеулерін жүргізу, сондай-ақ Ұлттық статистика бюросының бағыты бойынша магистранттар мен докторанттарды даярлау бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Оған қоса отырыста мемлекеттік қызметшілерді түпкілікті аналитика саласында қайта даярлаудан өткізу мәселесі де қаралды.