
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-мамырда 2022 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 104,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 518924 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,9% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 509868 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 413299 құрады, оның ішінде 404391 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы мамырда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,8% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 5,6%, азық-түлік емес тауарларға – 4,4%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 4,0% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы мамырда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,8% төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2023 жылғы сәуірде халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 166981 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2022 жылғы сәуірге қарағанда 10,7% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 5,2% төмендеді.
2023 жылғы мамырда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 451,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы мамырдың соңына 297,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 3,1%.