2023 жылғы мамырдағы тұрғын үй нарығындағы баға өзгерісі мен мәміле саны

2023 жылғы мамырдағы тұрғын үй нарығындағы баға өзгерісі мен мәміле саны

Бір жылда (2023 жылғы мамыр 2022 жылғы мамырға) қолданыстағы пәтерлерді қайта сату бағасы – 2,8%, жаңа тұрғын үйлерді сату 6% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға беру төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы мамырда 26% артты.

Өңірлер бөлінісінде жаңа пәтерлер нарығындағы баға жылдық мәнде Павлодар – 19,2%, Семей 17,5%, Ақтау қалаларында 17,4% айтарлықтай қымбаттады. Қолданыстағы пәтер нарығында баға өсімі бойынша Семей (29,9%), Қостанай, Қызылорда (әрқайсында 23%-дан), Ақтөбе қалалары (22,4%), ал тұрғын үйді жалға алу нарығында Көкшетау (45,5%), Петропавл (41,5%), Алматы, Ақтау қалалары (әрқайсында 41,1%-дан) көш бастап тұр.

Тұрғын үй нарығының барлық сегменті бойынша баға бір айлық мәнде (2023 жылғы мамыр 2023 жылғы сәуірге) алғаш рет өзгеріссіз қалып отыр.
 

Тұрғын үй нарығында жасалған мәмілелер санына келетін болсақ, 2023 жылғы мамырда тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 25 588 мәміле тіркелген. 2023 жылдың сәуірімен салыстырғанда (31 445) мәміле саны 18,6%-ға азайды. Мәмілелер саны бойынша көш басында Алматы (4 302 – 16,8%), Астана (3 667 – 14,3%) қалалары, сонымен қатар,  Қарағанды облысы (2 354 – 9,2%). Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 272 бірлік (1,1%).

2023 жылдың сәуір айымен салыстырғанда мамырда еліміздің барлық өңірінде теріс динамика байқалады. Осылайша, мәмілелер санының ең көп азаюы Атырау (30,3%-ға), Жетісу (26,6%-ға) және Маңғыстау облыстарында (26,3%-ға) тіркелді.

2023 жылдың сәуірімен салыстырғанда, көппәтерлі үйлердегі тұрғын үй мәмілелерінің саны 19%-ға (4 427 мәмілеге) кеміді. Кему Қостанай(1,5%-ға артты) және Түркістан облыстарынан (0,4%-ға артты) басқа, барлық қалған өңірде байқалды. Мамыр айында пәтерлер бойынша барлығы 18 922 мәміле жасалды, бұл мәмілелердің жалпы санының 73,9%-ы. Бөлмелер саны бойынша 2 бөлмелі пәтерлер сатылымы басым, мамыр айында олардың 7 120-сы ресімделді. Сауданың негізгі үлесі Алматы (20,3%), Астана (18,9%) қалаларына және Қарағанды облысына (10,3%) тиесілі.

2023 жылдың сәуір айымен салыстырғанда, жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 17,7%-ға азайып (1 430 мәмілеге), 6 666-ны құрады. Теріс көрсеткіш барлық өңір бойынша байқалды.

2023 жылдың мамырында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 16,1%-ға азайған, ол кезде 30 500 мәміле ресімделген болатын. төмендеудің ең үлкен көрсеткіші Шығыс-Қазақстан облысында (51,7%-ға) байқалды. Осылайша теріс көрсеткіш барлық дерлік аймақта тіркелді, оң динамика тек Астана қаласында (+5,7%). Теріс динамика 2023ж. қаңтар-мамыр айларындағы мәмілелер санының 2022ж. қаңтар-мамырмен салыстырғанда да орын алды – -43,8%.

 

 

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері*

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          пайызбен, өсу +, кему –

 

2023 жылдың мамырындағы   тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны

Оның ішінде

2023 жылғы мамыр

2023 жылғы қаңтар-мамыр           2022 жылғы қаңтар-мамыр

жеке үйлер

көп пәтерлі үйлердегі пәтерлер

оның ішінде

1-бөлмелі

2-бөлмелі

3-бөлмелі

4-бөлмелі

5-бөлмелі

6-бөлмелі және одан көп

2023 жылғы сәуірге

2022 жылғы мамырға

Қазақстан Республикасы

25 588

6 666

18 922

6 677

7 120

4 127

879

91

28

-18,6

-16,1

-43,8

Абай

696

298

398

111

171

96

17

3

0

-8,5

-

- 

Ақмола

1 222

442

780

280

293

174

26

7

0

-0,9

-6,4

-49,6

Ақтөбе

1 180

271

909

300

365

200

43

1

0

-13,4

-18,1

-51,0

Алматы

1 352

817

535

257

197

74

5

1

1

-15,9

-45,2

-58,1

Атырау

781

245

536

146

215

144

27

2

2

-30,3

-35,5

-57,3

Батыс Қазақстан

805

262

543

180

210

128

21

2

2

-18,4

-26,4

-43,9

Жамбыл

888

395

493

131

208

125

27

2

0

-19,6

-13,1

-36,4

Жетісу

581

310

271

85

112

57

16

1

0

-26,6

-

- 

Қарағанды

2 354

408

1946

481

874

474

107

8

2

-16,9

-41,9

-67,5

Қостанай

1 152

277

875

284

350

207

34

0

0

-2,7

-4,2

-54,6

Қызылорда

522

280

242

33

102

83

23

1

0

-10,6

-28,5

-43,4

Маңғыстау

1 588

419

1169

311

472

253

106

20

7

-26,3

-12,7

-57,0

Павлодар

720

179

541

171

173

163

31

3

0

-21,6

-25,2

-56,4

Солтүстік Қазақстан

483

214

269

109

94

59

3

4

0

-22,5

-23,3

-41,9

Түркістан

826

574

252

86

96

58

10

2

0

-13,6

-35,8

-49,6

Ұлытау

272

43

229

44

114

50

20

1

0

-20,5

-

- 

Шығыс Қазақстан

1 054

306

748

249

285

176

36

2

0

-16,7

-51,7

-66,4

Астана қаласы

3 667

87

3580

1390

1258

740

172

14

6

-23,2

5,7

-25,7

Алматы қаласы

4 302

453

3849

1840

1242

637

110

12

8

-22,6

-2,1

-16,8

Шымкент қаласы

1 143

386

757

189

289

229

45

5

0

-11,2

-6,9

-30,4

   *Ақпарат 2023 жылғы 08 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ деректері негізінде дайындалған.

 

ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы тұрғын үй бағасы бойынша ай сайын мониторинг жүргізеді. Баға индекстері облыс орталықтары мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша іріктеп байқау деректері негізінде қалыптастырылады. Жаңа тұрғын үйлер бойынша ақпаратты біз сату бойынша операциялар жүргізетін құрылыс компанияларынан жинаймыз, бұл ретте пәтердің бастапқы және таза әрленгендегі бағасы ескеріледі. Пәтерлерді қайта сату және жалға алу бойынша деректер интернетте, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын хабарландырулар негізінде жиналады. Бағаларды есептеу кезінде бір, екі, үш бөлмелі пәтерлер бойынша ұсыныстар есепке алынады.