2020 жылғы қаңтар-наурызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,3% құрды

2020 жылғы қаңтар-наурызда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104,3% құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-наурызда 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 104,3% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2020 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2300,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 5,1% артық.

2020 жылғы қаңтар-наурызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 6874,9 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 5,8% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 5%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 8,8%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 5,7% артты. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 1,1% азайды.

2020 жылғы қаңтар-наурызда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 503 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 2,5% артты.

2020 жылғы қаңтар-наурызда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 456,1 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 11,7% артық.

2020 жылғы қаңтар-наруызда «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 98,7% құрады.

2020 жылғы қаңтар-наурызда жүк айналымының көлемі 137,5 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2019 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,4%-ға кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 65,4 млрд. ж-км құрап, 4,1%-ға кеміді.

2020 жылғы қаңтар-наурызда «Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 110,5% құрады.

2020 жылғы қаңтар-наурызда «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 101%-ды құрады.

2020 жылғы қаңтар-наурызда бөлшек сауда көлемі 2378,4 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 100,8% құрады (салыстырмалы бағада).

2020 жылғы қаңтар-наурызда көтерме сауда көлемі 4939,7 млрд. теңгені немесе 2019 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 101,2% құрады (салыстырмалы бағада).

2020 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 13746,5 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 4,4% азайды, соның ішінде экспорт – 9087,1 млн. АҚШ долларын (8,3% аз), импорт – 4659,4 млн. АҚШ долларын құрады (4,2% көп).

2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 450192 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,2% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 441567 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 314577 құрады, оның ішінде 306272 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы наурызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,3% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар - 3,6%, азық-түлік емес тауарларға, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 1,4%-дан өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы наурызда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7% төмендеді.

Әлеуметтік сектор

2020 жылғы ақпандағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 109733  теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2019 жылғы ақпандаға қарағанда 12,9% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 6,5%-ке артты.

2020 жылғы наурызда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 196716 теңгені құрады.

2020 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 442,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы наурыздың соңына 149,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,6%.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-экономикалық дамуы

Орындаушы: Басқарма басшысы: Баспасөз қызметі: Мекен-жайы:
А.М. Төлеутаева Б.Ә. Тұрмағанбет Әсем Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 7172 749509 Тел. +7 7172 749077 Тел. +7 7172 749002 Мәңгілік ел көшесі, 8 үй,
    E-mail: a.aldangarkyzy@economy.gov.kz Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті