Еңбек нарығындағы жағдай

Еңбек нарығындағы жағдай

2023 жылғы I тоқсанда Қазақстанда Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша есептелген (табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын) жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады1).

Республика экономикасының әртүрлі салаларында 9 млн адам жұмыспен қамтылды, олардың 6,9 млн-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,7%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар. 15 және одан жоғары жастағы халықтың жалпы санына шаққандағы жұмыспен қамту деңгейі 65% құрады.

2022 жылдың I тоқсанымен салыстырғанда жалпы жұмыспен қамтылғандар 72,3 мың адамға өсті, оның ішінде жұмыспен қамтылғандар – 39,5 мың адам, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 32,8 мың адам.

Жұмыспен қамтылған халықтың ең көп үлесі сауда саласында (17,3%), білім беруде (12,9%), өнеркәсіпте (12,6%) және ауыл шаруашылығында (11,5%) байқалды.

2023 жылғы I тоқсанында 453,5 мың жұмыссыз адам болды.

15 пен 34 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1% құрады. Жұмыс істемейтін және біліммен немесе кәсіптік оқумен айналыспайтын NEET жастарының үлесі 7,9% (422 мың адам) құрады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы сәуір айының соңына 286,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген.  Тіркелген жұмыссыздардың үлесі жұмыс күшінің 3%-ын құрады.

 

Анықтама:

Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын адамдар.

 

1) Халықтың жұмыспен қамтылуына іріктемелі жүргізілетін зерттеу деректері.

2) Қазақстан Республикасының  «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жастардың жасы 35 жасқа дейін ұлғайтылды.