Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы жағдайы туралы

Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2023 жылғы қаңтар-ақпандағы жағдайы туралы

2023 жылғы қаңтар-сәуірде бөлшек сауда көлемі 4825,9 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 10,5% өсті. Саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 3591,4 млрд. теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 14% артық болды.

Азық-түлік тауарларының жалпы бөлшек сауда көлеміндегі үлесі 28,3% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 71,7%.

Сауда көлемінің ең көп өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында, атап айтқанда мотор отыны, автомобиль, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, тамақ өнімдері, сусындар мен темекі өнімдері, нан-тоқаш, ұннан жасалған және қантты кондитерлік өнімдер, аяқкиім, косметикалық тауарлар және дәретхана жабдықтарын саудалайтын кәсіпорындарда байқалды.

2023 жылғы 1 мамырға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1507,3 млрд. теңгені, сауда күндерінде 74 күнді құрады (2022 жылғы 1 мамырға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі – 1137,2 млрд. теңге, сауда күндерінде 70 күн болды).

2023 жылғы қаңтар-сәуірде республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы (30,9%) және Астана қалаларына (12,2%), Қарағанды (8,1%) және Шығыс Қазақстан (6,3%) облыстарына тиесілі.