Зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы ақпаратты алу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті экономикалық қызметтің жекелеген түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға жыл сайын зерттеу жүргізеді. Зерттеуде ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және байланыс, денсаулық сақтау, ғылым және қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар қамтылады.
Зерттелген нәтижелер бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда 370,3 мың адам немесе зерттелген кәсіпорындағы қызмеркерлердің жалпы санынан 22,0% жұмыс істеді. Соның ішінде шудың және дірілдің жоғары деңгейі жағдайында 170,0 мың адам, ШҰК-дан (шектеулі ұйғарынды концентрациядан) асатын жұмыс аймағындағы ауаның газдануы мен шаңдануы әсерінде – 120,8 мың адам, қолайсыз температуралық режимде – 62,8 мың адам, басқа қолайсыз факторларда – 16,6 мың адам еңбектенген. Ауыр дене еңбегімен шұғылданғандар 94,0 мың адам.
Экономикалық қызметтің жеке түрлері бойынша қолайсыз
еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлер саны
адам
|
|
зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлер саны |
жалпы қызметкерлер санынан |
||
|
санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайында жұмыс істейтіндер |
ауыр дене еңбегімен шұғылда-натындар |
қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жабдықтарда жұмыс істейтіндер |
||
|
Барлығы |
1 683 146 |
370 277 |
93 972 |
3 561 |
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы |
70 345 |
3 821 |
1 153 |
- |
|
Өнеркәсіп |
635 648 |
237 186 |
51 450 |
2 702 |
|
Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу |
193 482 |
89 411 |
30 791 |
2 306 |
|
Өңдеу өнеркәсібі |
298 769 |
99 640 |
12 993 |
161 |
|
Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау |
101 985 |
35 679 |
4 534 |
x |
|
Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау |
41 412 |
12 456 |
3 132 |
29 |
|
Құрылыс |
172 133 |
17 180 |
8 003 |
- |
|
Көлік және қоймалау |
230 833 |
54 743 |
26 448 |
- |
|
Тұру және тамақтану бойынша қызметтер |
42 184 |
845 |
268 |
x |
|
Ақпарат және байланыс |
58 526 |
1 660 |
365 |
- |
|
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет |
52 612 |
6 336 |
840 |
- |
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер |
420 865 |
48 506 |
5 445 |
857 |
Жалпы экономикалық қызмет түрлері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін ерлердің саны әйелдердің санынан 3,4 есеге артты. Тұру және тамақтану бойынша қызметтер салаларындағы (4,4 есе) қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтін әйелдердің саны ерлер санынан артты.
Өңірлер бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыс істейтін зерттелген кәсіпорындардағы қызметкерлердің арасындағы едәуір үлесі Қарағанды облысында – 42,8%, Павлодарда облысында – 42,4%, Маңғыстау облысында - 37,6%, Шығыс Қазақстан облысында – 27,1%, Жамбыл облысында – 25,3% белгіленді. Қызметкерлердің ең аз үлесі Қызылорда облысында (6,3) белгіленді.
2019 жылы кәсіпорындар (ұйымдар) зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларындағы жұмысы үшін өтемақылар мен жеңілдіктерге 128 492,5 млн. теңге жұмсады.Қосымша демалыс (жеңілдіктің түрі) 518,9 мың адамға берілген, зиянды және және басқа да қолайсыз еңбек жағдайына әртүрлі материалдық қосымша төлемдерді 389,9 мың адам пайдаланған, 321,8 мың адам – сүт немесе тең бағалы тағам өнімдерін тегін алды, 80,4 мың адам – тегін емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз етілді, ал 50,0 мың адам – қысқартылған жұмыс күні режимінде жұмыс істеген.
Осы статистикалық байқаудың нәтижелерін тереңірек зерделеу үшін «Қазақстан Республикасындағы жеке экономикалық қызмет түрлері бойынша зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны» бюллетенінің электрондық нұсқасы www.stat.gov.kz сайтындағы «Ресми статистика»/ «Салалар бойынша»/ «Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы»/ «Бюллетендер» бөлімінде орналастырылған.
Статистикалық байқау кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағанда жекелеген экономикалық қызметтің түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша жыл сайын жүргізіледі.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Еңбек және жұмыспен қамту статитикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Белкайрова Л. | Белоносова Н.Е. | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 74 97 81 | Тел. +7 7172 74 90 22 | Тел. +7 7172 74 90 02 | Мәңгілік ел даңғылы 8, |
| E-mail: a.аldangarkyzy@economy.gov.kz | Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті