Қазақстан Республикасындағы халықтың 2022 жылғы табысын саралау туралы

Қазақстан Республикасындағы халықтың 2022 жылғы табысын саралау туралы

Үй шаруашылықтарын зерттеу деректері бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 2022 жылы 5,2% құрады. Осылайша көрсеткіш 2021 жылдың деңгейінде қалды, бұл ретте 2020 жылғы кедейлік деңгейі 5,3% болған.

2022 жылы өңірлер бөлінісіндегі кедейліктің ең жоғары деңгейі 2021 жылғыдай Түркістан (9,7%), Маңғыстау (8,1%) облыстарында, ең аз үлесі – Астана (1,9%) қаласында тіркелді.

Қалалық және ауылдық жердегі табыс едәуір сараланған. Мәселен, қалалық жерде табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен халықтың үлесі 4%, ал ауылдық жерде  7,3%  құрады. Бұл ретте 2021 жылмен салыстырғанда кедей халықтың үлесі қалалық жерде 0,2п.т., ауылды жерде 0,1 п.т. өсті. 2022 жылы кедейліктің ауылдық және қалалық деңгейлері арасындағы ең үлкен айырмашылық Маңғыстау (5,4 есе), Шығыс Қазақстан (4 есе) облыстарында байқалды.

Айта кетейік, кедейлік деңгейі – тұтынуға пайдаланылған ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан  төмен табысы бар халық санының халықтың жалпы санына пайызбен өлшенген қатынасы. ҚР бойынша 2022 жылы айына орта есеппен жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 43 566 теңгені құрады. Бұл ретте әрбір өңірде жеке есептелетін ең төменгі күнкөріс деңгейі бар.