
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2023 жылғы қаңтар-наурызда 2022 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 105,1% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 513572 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 6,2% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 504468 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 414178 құрады, оның ішінде 405214 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2023 жылғы наурызда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 4,1%, азық-түлік емес тауарларға – 2,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 2,8% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2023 жылғы ақпанда 2022 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2,1% төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2023 жылғы ақпанда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 167037 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2022 жылғы ақпанға қарағанда17,4% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,2% төмендеді.
2023 жылғы наурызда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 454,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2023 жылғы наурыздың соңына 265,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,8%.