2022 жылы Қазақстан Республикасындағы мәдениет саласының көрсеткіштері

2022 жылы Қазақстан Республикасындағы мәдениет саласының көрсеткіштері

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 3917 қоғамдық кітапхана, 3102 мәдени-демалыс ұйымы, 271 музей, 208 ойын-сауық және демалыс саябағы, 105 кинотеатр, 73 театр, 44 концерт ұйымы, 13 хайуанаттар бағы және 3 цирк жұмыс істейді.

2022 жылы келушілер кітапхана (51239,3 мың бару), кинотеатр (17047,5 мың бару), ойын-сауық және демалыс саябақтары (14273,7 бару), музейлерде (6097,3 мың бару) көп болды. Бұл ретте мәдени іс-шаралардың ең көбі мәдени-демалыс ұйымдары (196,7 мың бірлік), театрлар (15,4 мың бірлік) және концерт ұйымдарында (5,9 мың бірлік) өтті.

Өңірлік бөліністе 2022 жылы кітапханаларға барушылар саны Алматы қаласы (5830,1 мың бару), Түркістан (3914,3 мың келу), Ақмола (3518,2 мың бару) және Абай облыстарында (3547,3 мың бару) ең көп болды. Киносеанстарға ең көп барғандардың арасында Республикалық маңызы бар қала тұрғындары мен қонақтары: Алматы қаласы – 6233,1 мың бару, Астана қаласы – 3552 мың бару, Шымкент қаласы – 1264,7 мың бару. Музейлерге ең көп барушылар саны Түркістан облысы (1492,5 мың адам) мен Астана қаласында (643,1 мың адам) болған.

2022 жылы пандемияға байланысты шектеу шараларын толығымен алынып тасталуына байланысты барлық мәдениет мекемелерінің қатысуы мен өткізілген іс-шаралардың артуы байқалады.

2021 жылмен салыстарғанда келушілердің ең көп өсуі цирктерде байқалады – 6 еседен астам, театрлар  мен концерттік ұйымдарға келушілер саны 2,3 есеге, киносеанстарға келушілер саны 2 есеге, ойын-сауық және демалыс саябақтарына келушілер саны 34,1%-ға хайуанаттар бағына келушілер саны 28,1%-ға және музейлерге келушілер саны 19,1%-ға өсті.

2022 жылы демалыс және ойын-сауық саябақтарында өткізілетін іс-шаралар саны 4,4 есе өсті, цирк қойылымдарының саны 2,2 есе өсті, сондай-ақ концерттік (1,7 есеге), мәдени-демалыс (1,6 есеге) ұйымдар мен театрлар өткізген іс-шаралар саны 42,3%-ға артты.