
2023 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанда өнеркәсіптің өндіріс индексі 102,8% құрады. Аталған уақыт аралығында 11 234 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 5 252 млрд.теңгеге (жалпы көлемнен 46,8%), өңдеуде – 5 109 млрд. теңгеге (45,5%).
Өндірістің өсуі тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеру – 0,2%, өңдеу өнеркәсібін – 5,4%, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және кондиционерленген ауамен жабдықтау – 6,1%, сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызметте – 6,7% байқалды.
Өңірлер арасында ең көп өсім Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Жетісу, Абай, Алматы облыстарында және Алматы қаласында тіркелді.
Шикі мұнайды (100,7%), табиғи газды (101,2%), темірді қоспағанда, кендерді (104,3%), өзге де пайдалы қазбаларды (122,7%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтар-наурызда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 100,2% құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде есепті кезеңде 2022 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өнеркәсіп индексі 105,4%-ды құрады. Өсім тамақ өнімдері – 8,1%, сусындар – 12,5%, мұнайдың өңделген өнімдері – 4%, негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру – 8,1%, резеңке және пластмасс бұйымдары – 13,5%, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру – 14,6%, машина жасауда 35,3% мөлшерінде белгіленді.
