Ақпан айында есепке 157,9 мың автокөлік қойылды

Ақпан айында есепке 157,9 мың автокөлік қойылды

2023 жылғы ақпанда есепке 157,9 мың бірлік1) автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74,5% артық, оның ішінде жеңіл автомобильдер 72,3%-ға, жүк автомобильдері 2 есеге автобустар 2,5 есеге артты.

Мәселен, 2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 584,5 мың бірлікті құрады, оның ішінде 88%– жеңіл автомобильдер, 9,9% – жүк автомобильдері және 2,1% – автобустар.

2023 жылғы ақпанда 1 715 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2466 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда зардап шеккендер саны 8,4%-ға азайды.2)

2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 9,5 млн. теңге сомасында 16 751 сақтандыру төлемін жүзеге асырды. 3)

 

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетініңдеректері    бойынша.

3)) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің деректері бойынша