Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,9% көбейді

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5,9% көбейді

2023 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 4 133,3 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5,9% көбейді*.

2023 жылғы қаңтар-ақпанда тауарлар экспорты 1 650 млн АҚШ доллары (33,9% көп), импорт – 2 483,3 млн АҚШ доллары (7,1% аз) деңгейінде қалыптасты.

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,6%, Қырғызстанға – 4,1%, Беларусь – 3,2%, Армения – 0,1% келеді.

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық изотоптардың элементтері және олардың қосылыстары бойынша 5,6 есе өсім байқалады. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу бар (82,6% аз).

Импортта ең үлкен өсім қара металдардан жасалған құбырлар мен басқа түтіктер (мысалы, дәнекерленген, тойтарылған) бойынша – 3,5 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша төмендеу байқалады (99,6% аз).