Фархат Калиев выступил с докладом на международной конференции, посвященной развитию статистического сообщества СНГ

Фархат Калиев выступил с докладом на международной конференции, посвященной развитию статистического сообщества СНГ

Фархат Қалиев ТМД елдерінің статистикалық қоғамдастығының дамуына арналған халықаралық конференцияда баяндама жасады

 

12-13 сәуірде Нижний Новгород қаласында бүкілресейлік «Ресей статистикалық қауымдастығы» қоғамдық ұйымы (РАС) «Экономика жоғары мектебі» Ұлттық зерттеу университетімен бірлесіп «Мемлекеттік шешімдердің тиімділігін арттыруға, экономиканың цифрлық инфрақұрылымын құруға, статистика ғылымы мен білім беруді дамытуға жәрдемдесу үшін ТМД статистикалық қауымдастығын дамыту» тақырыбында кезекті халықаралық конференция өткізді.

Дәстүрлі халықаралық конференция ТМД-ның барлық елдерінен статистика саласындағы сарапшылардың басын қосты. Іс-шара Росстат пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Мемлекетаралық статистикалық комитеті (ТМД Статистика комитеті), сондай-ақ статистикалық қызмет саласындағы халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қазақстаннан «Академиялық ортамен өзара іс-қимыл» баяндамасын Қазақстан Республикасы СЖРА Ұлттық статистика бюросының Статистикалық процестерді дамыту департаментінің директоры Фархат Қалиев жасады.

«Бюро университеттердің оқу бағдарламаларына енгізу үшін статистикалық әдістеме және статистикалық көрсеткіштерді талдау бойынша әмбебап модуль әзірледі. Модуль қазірдің өзінде М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалында енгізілген. Модульдік оқыту статистиканың теориясы мен концепцияларына ғана емес, статистикалық мәліметтерді қалыптастыру мен қолданудың нақты жағдайларына негізделген. Модульді іске асырудан басқа, Бюро М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалымен бірлесіп «Ұлттық экономиканың статистикалық талдауы» магистратура бағдарламасы аясында филиалда кадрлар даярлауды жоспарлап отыр», - деді Ф.Қалиев.

Ол сондай-ақ Бюроның деректерді басқару мәдениетін және деректерге негізделген шешім қабылдау тәжірибесін белсенді түрде алға жылжытып жатқанын атап өтті. Мәселен, 2022 жылы Бюро Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төлем және қаржылық технологияларды дамыту орталығымен бірлесе отырып, алғаш рет жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары арасында республикалық «Qazdatathon» байқауын өткізді.

«2023 жылы студенттер, магистранттар, докторанттар, сондай-ақ жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамының қатысуымен ауқымды байқау өткізу жоспарлануда», - деді Ф.Қалиев.

Сонымен қатар, ол 2022 жылдың соңында Бюро Азия Даму Банкімен бірлесіп, Білім және тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Бюро қызметкерлеріне BI құралдарын қоса алғанда, бизнес-аналитиканың, деректерді визуализациялаудың озық құралдарын, QlikSense көмегімен деректерді талдау дағдыларын үйретуді іске қосқанын айтты. Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап бюроның негізгі қызметкерлерін DAMA стандарттарына оқыту және CertifiedDataManagementProfessionalcdmp сертификаттаудан өту жоспарлануда.

Бюро өз кезегінде сапалы деректерге негізделген мемлекеттік шешімдердің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ статистика ғылымы мен білім беруді дамытуға мүдделі.