
Ауыл, орман және балық шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, көлік және жинақтау, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету, ақпарат және байланыс, кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет, денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету салаларының кәсіпорындарын жыл сайынғы зерттеу нәтижелері бойынша 2022 жылы 386,3 мың адам (2021 жылы – 375,0 мың адам) немесе зерттелген кәсіпорындар қызмеркерлерінің жалпы санынан 23,1%-ы санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыс істеді.

Жалпы экономикалық қызмет түрлері бойынша санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыспен қамтылған ерлердің саны әйелдер санынан 3,4 есе арттық. Қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтін әйелдердің саны ерлер санынан 3,6 есе арттық денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласы және қолайсыз жағдайларда жұмыс істейтін әйелдердің саны ерлер санынан 2,9 есе арттық тұру және тамақтандыру бойынша қызмет көрсету саласы бұған жатпайды.
Өңірлер бойынша зерттелген кәсіпорындардың қызметкерлері арасында санитарлық-гигиеналық талаптарға (нормаларға) сай келмейтін жағдайларда жұмыс қамтылғандардың ең үлкен үлесі Ұлытау – 45,2%, Павлодар – 43,9%, Қарағанды – 43,2%, Маңғыстау – 42,7%, Шығыс Қазақстан – 31,5% облыстарында белгіленді. Қызметкерлердің ең аз үлесі Қызылорда облысында (7,2%) белгіленді.

2022 жылы кәсіпорындар (ұйымдар) зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істегені үшін өтемақылар мен жеңілдіктерге 207 631,8 млн. теңге жұмсады. Қосымша демалыс (жеңілдіктің түрі) 531,9 мың адамға берілген, зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайлары үшін 404,3 мың адам қосымша ақы алған, 321,9 мың адам – сүт және оған теңестірілген тамақ өнімдерін алды, 88,6 мың адам – емдік-профилактикалық тамақтанумен қамтамасыз етілді, 47,9 мың адам – қысқартылған жұмыс күні режимінде жұмыс істеген.
Осы статистикалық байқаудың нәтижелерін тереңірек зерделеу үшін «Қазақстан Республикасындағы зиянды және басқа да қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істейтін қызметкерлердің саны» бюллетенінің электрондық нұсқасы www.stat.gov.kz сайтында «Ресми статистика»/ «Салалар бойынша»/ «Еңбек және жұмыспен қамту статистикасы»/ «Бюллетендер» бөлімінде орналастырылған.
Статистикалық байқау кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алусыз, жекелеген экономикалық қызмет түрлерінде кәсіпорындар мен ұйымдар бойынша жыл сайын жүргізіледі.