2020 жылғы наурызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі туралы

2020 жылғы наурызда өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі туралы

Өнеркәсіптік өнімдерге өндіруші кәсіпорындардың бағасы ағымдағы жылғы үш айда (2020 жылғы наурыз 2019 жылғы желтоқсанға) 1,7% төмендеді. Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде - 3,2%, өңдеу өнеркәсібінде 0,5% төмендеуі байқалды. Өнеркәсіптік өнімдер 2,1% арзандады, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер 2,1% қымбаттады.

Өнеркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындар бағасының өзгеруі

пайызбен, өсуі+, төмендеуі-

 

2020 жылғы наурыз

2020 жылғы
қаңтар-наурыз
2019 жылғы
қаңтар-наурызға

2020 жылғы ақпанға

2019 жылғы наурызға

2019 жылғы желтоқсанға

2015 жылғы желтоқсанға

Өнеркәсіп өнімдері, өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтерді қоса

-1,7

-1,7

-1,7

52,0

1,7

Өнеркәсіп өнімдері

-1,8

-2,2

-2,1

55,5

1,5

Өндіріс құралдары

0,3

6,8

 1,1

47,3

7,3

Аралық тұтыну өнімдері

-2,2

-3,6

-2,6

61,5

0,7

Тұтыну тауарлары

0,4

5,7

0,7

24,1

5,6

Өнеркәсіптік сипаттағы көрсетілетін қызметтер

0,0

3,2

2,1

22,0

4,0

 Өткен айда өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға - 5%, мазутқа - 2,8%, бензинге - 0,7%, дизель отынына 0,3% төмендеді, металл кендеріне - 9,3%, табиғи газға - 1,5%, көмірге 0,3% жоғарылады.

Бағаның мырышқа - 7,5%, қара металдар илегіне - 6,4%, мысқа - 3,3%, қорғасынға 2,7% төмендеуі, олардың асыл металдарға - 2,4%, алюминийге 1,4% жоғарылауы байқалды.

Өндірушілер бағасының күрішке - 2%, құс етіне - 1%, балыққа 0,6% төмендеуі, олардың жармаларға және қара бидай ұнына - 3,4%-дан, мал етіне - 2%, сүт өнімдеріне - 1,9%, өсімдік майына - 1,8%, бидай ұнына - 1,3%, макарон өнімдеріне - 0,9%, шайға - 0,7%, нанға және қантқа 0,5%-дан жоғарылауы тіркелді.

 06-1kz

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы

Орындаушы: Басқармасы басшысы: Баспасөз қызметі: Мекенжай:
Л.  Шемякина Э. Тілепбергенова Ә. Алданғарқызы 010000, Нұр-Сұлтан қаласы
Тел. +7 7172 749533 Тел. +7 7172 749057 Тел. +7 7172 749002 Мәңгілік ел көшесі, 8
    E-mail: a.aldangarkyzy
@economy.gov.kz
Министрліктер Үйі,
4 кіреберіс

© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті