
Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы үш айда (2020 жылғы наурыз 2019 жылғы желтоқсанға) – 3,6%, азық-түлік емес тауарларына, ақылы қызметтерге 1,4%-дан жоғарылады.
пайызбен, өсуі
|
|
2020 жылғы наурыз |
2020 жылғы қаңтар-наурыз |
|||
|
2020 жылғы |
2019 жылғы |
2019 жылғы |
2015 жылғы |
||
|
Тауарлар мен қызметтер |
0,9 |
2,3 |
6,4 |
31,9 |
6,0 |
|
Азық-түлік тауарлары |
1,7 |
3,6 |
9,3 |
39,4 |
9,0 |
|
Азық-түлік емес тауарлар |
0,4 |
1,4 |
5,5 |
35,1 |
5,4 |
|
Ақылы қызметтер |
0,5 |
1,4 |
3,5 |
19,9 |
2,7 |
Ағымдағы жылдың басынан (2020 жылғы наурыз 2019 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі көкөністерге – 21,1%, құмшекерге – 6,7%, жармаларға – 4,8%, сары майға – 4%, жемістерге – 3,9%, қой етіне – 3,4%, макарон өнімдеріне – 3,3%, ұнға, жылқы етіне – 3,1%, мұздатылған балыққа, сиыр етіне – 2,9%-дан, ет өнімдеріне – 2,7%, пастерленген сүтке – 2,5%, сүзбеге – 2,4%, қышқыл сүт өнімдеріне, шұжық өнімдеріне – 2,2%-дан, мәйекті ірімшікке – 2,1%, шайға – 1,7%, шошқа етіне – 1,6%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдеріне 1,5% белгіленді. Темекі өнімдері – 4%, минералды және ас су – 2,3%, салқындатылған сусындар 1,5% қымбаттады. Бағаның төмендеуі күрішке – 2,4%, жұмыртқаға 0,4% тіркелді.
Баға өсімі жеке қолданылатын тауарларға – 2%, автомобильдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 1,8%, тұрмыстық аспаптарға – 1,4%, тоқыма бұйымдарына, дәрі-дәрмекке – 1,2%-дан, ыдысқа – 1,1%, жиһаз және үйге қажетті заттарға 1% құрады. Бензин – 5,5%, дизель отыны 0,2% қымбаттады, ал тас көмір 0,3% арзандады.
Баға деңгейі құқықтық, жеке көлiк құралдарын сақтандыру қызметтеріне – 5%-дан, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне – 2,2%, денсаулық қызметтеріне – 1,5%. Интернет желісіне қосылу үшін абоненттік төлем 1,2% жоғарылады. Жолаушылардың теміржол көлігімен жол жүру ақысы – 5,2%, ішкі қалалық автобуспен 4,3% қымбаттады, ал әуе көлігімен 0,4% арзандады.
Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер қоқыс шығаруға – 4,9%, электр энергиясына – 3,2%, орталықтан жылытуға – 0,8%, ыстық суға 0,7% өсті, ал кәрізге 0,9% төмендеді.
Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағасының индексі халықтың жеке тұтыну үшін сатып алатын тауарлары мен қызметтері бағасының өзгеруін көрсетеді. Тауарлар мен қызметтер жиынтығына 510 позиция кіреді. Бағаны тіркеу меншіктің түрлі нысандарындағы сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының іріктеме жүйесі бойынша барлық облыс орталықтарында, астанада және қалалар мен аудан орталықтарының белгіленген шеңбері бойынша жүргізіледі. Біріктіру үшін пайдаланылатын салмақ жүйесі олардың шығыстары бөлігінде өткен жылғы үй шаруашылықтарын зерттеу материалдары негізінде есептеледі.
2020 жылғы қаңтардан бастап ТБИ–ді есептегенде азық–түлік тауарларының үлесі – 39,0%, азық–түлік емес тауарлар – 28,9%, ақылы қызметтер 32,1% құрады.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Баға статистикасы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| Рашидов А.Р. | Тілепбергенова Э.Н. | Алданғарқызы Ә. | 010000, Нұр-Султан қаласы |
| Тел.: 8(7172)74-95-31 | Тел.: 8(7172)74-90-57 | Тел.:8(7172)74-90-02 | Мәңгілік ел көшесі, 8 |
| a.aldangarkyzy @economy.gov.kz |
Министірліктер үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті