2019 жылы Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 8,8 млн. адам немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 66,7% жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандардың жартысынан көбі 51,7 (4,5 млн. адам) – ерлер, 48,3% (4,2 млн. адам) – әйелдер.
2019 жылы жалдамалы қызметкерлердің саны 6,7 млн. адамды немесе жалпы жұмыспен қамтылған халықтың санынан 76,1% құрады. Жұмыспен қамтылғандардың арасында жалданылмай жұмыспен қамтылғандардың саны 2,1 млн.адамды немесе 23,9% құрады. Жұмыспен жалданылмай қамтыған қызметкерлердің жалпы санынан жұмыспен нәтижелі қамтылғандар үлесі 91,1% (2018 жылы – 90,7%), жұмыспен нәтижесіз қамтылғандар – 8,9% (2018 жылы – 9,3%) құрады.
Жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыссыздар ішіндегі ерлердің үлесі 46,4%, әйелдердің үлесі –53,6%.
15-28 жастағы* жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,7% құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2019 жылдың соңына 97,5 мың жұмыссыздар ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің 1,1%-ын (2018 жылы – 1%) құрады.
*«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес.
Жұмыспен қамтылған халық –бір аптаға тең белгілі бір қысқа кезең ішінде келесі: «жалдамалы (ақы төленетін) қызметкер» немесе «өзін-өзі жұмыспен қамтыған қызметкер» санаттарының біріне жатқызылған тұлғалар.
Жұмыссыздар (ХЕҰ стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.
| Орындаушы: | Басқарма басшысының: | Баспасөз қызметі: | Мекенжай: |
| А. Алимбетова | Н.Е. Белоносова | Ә. Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| тел. +7 7172 749688 | тел. +7 7172 749002 | тел.+7 7172 749002 | Мәңгілік ел көшесі, 8 |
| a.aldangarkyzy @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті