Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2023 жылғы қаңтарда 101,4 % құрады

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2023 жылғы қаңтарда 101,4 % құрады

2023 жылғы қаңтарда 3 653 млрд теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде кен өндіру саласында – 1 881 млрд теңгеге (жалпы көлемнен 51,5%), өңдеуде – 1470 млрд теңгеге (40,3%).

Өнеркәсіптің негізгі салаларының ішінде электр энергиясы, газ, бу, ыстық су және ауа баптаумен байланысты жабдықтауда айтарлықтай өсім байқалды (104,5%).

Шикі мұнайды (101%), темірді қоспағанда, кендерді (109,1%), өзге де пайдалы қазбаларды (107,6%) өндіру салаларының артуына байланысты 2023 жылғы қаңтарда тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өнеркәсіп өндірісінің индексі 101,2%-ды құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс 1,6%-ға ұлғайды. Тамақ өнімдері (109,8%), сусындар (133,2%), темекі өнімдері (121,3%), тоқыма бұйымдары (125,5%) өңделген мұнай өнімдері (112,8%), химия өнеркәсібінің өнімдері (110,6%), негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру (151%), автомобильдер (127,5%) өндірісі өсті. Сонымен бірге, өндірістің төмендеуі резеңке және пластмасса бұйымдарында – 3,6%-ға, өзге де бейметалл минерал өнімдерінде – 5%-ға, металлургия өнеркәсібінде – 7,4%-ға байқалды.

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 14 өңірінде тіркелді, төмендеу Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында байқалды.

   
Қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндірістің индекстері

пайызбен

 

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан

 2021 жылға

2023 жылғы қаңтар

2022 жылғы желтоқсанға

2022 жылғы қаңтарға

Өнеркәсіп

101,1

86,9

101,4

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу

99,0

92,4

101,2

Өңдеу өнеркәсібі

103,4

79,1

101,6

Электр энергиясымен, газбен, бумен,

ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау

99,5

103,0

104,5

Сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет

98,2

79,8

91,2