
2022 жылы IV тоқсанда Қазақстан экономикасының әртүрлі салаларында 9 млн адам1) жұмыспен қамтылды, олардың 6,9 млн-ы (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,7%) жалдамалы қызметкер болса, 2,1 млн адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 23,3%) өзін-өзі жұмыспен қамтушылар.
IV тоқсанда аптасына нақты жұмыс істеген сағаттар саны орта есеппен жұмыспен қамтылғандардың біреуінде 39 сағат, жалдамалы қызметкерлер арасында 41 сағат, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар арасында 34 сағатты құрады.
Толық жұмыспен қамтылмағандар (жұмыс көлемінің төмендеуіне, жұмыс берушінің бастамасы бойынша, сырғымалы жұмыс кестесіне және басқа да себептермен аз жұмыс істегендер) саны алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 9,9% өсіп, 268,9 мың адамды құрады.
IV тоқсанда жұмыссыздық деңгейі (ХЕҰ әдістемесі бойынша) 0,1 п.т төмендеп, 4,8% құрады.
Жұмыссыздар саны 456,1 мың адамды құрады. Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны III тоқсанмен салыстырғанда 19,3% азайды және 39,5 мың адамды құрады.

15-28 жастағы2) жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі III тоқсанмен салыстырғанда 0,1 п.т төмендеп, 3,8% құрады. NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі 0,4 п.т төмендеп, 6,3% құрады.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жұмыспен қамту органдарында 2023 жылғы қаңтар айының соңына 212,1 мың жұмыссыз ресми тіркелген. Олар жұмыс күшінің 2,3%-ын құрады.
Анықтама:
Жұмыссыздар (Халықаралық еңбек ұйымының стандарттарына сәйкес) – бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.
1) Деректер 2021 жылғы Халық санағының қорытындалары бойынша анықталған халық саны есебімен келтірілген.
2) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңына сәйкес. жастардың жасы 35 жасқа дейін 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ұлғайтылғандықтан, 2022 жылғы IV тоқсандағы көрсеткіште 15-28 жас аралығындағылар ескерілген.