Бюро қызметкерлері жоғары оқу орындарында сабақ бере бастады

Бюро қызметкерлері жоғары оқу орындарында сабақ бере бастады

Бүгінгі таңда Бюро өз қызметкерлерінің, жалпы жұртшылықтың да data-сауаттылығын арттыру бойынша үлкен жұмыс атқаруда.
Статистика саласындағы кадр әлеуетін дамыту, сондай-ақ статистикалық деректердің пайдалануылуын танымал ету мақсатында Бюро қызметкерлерін оқытушылық қызметке тарту арқылы ЖОО-ның білім беру бағдарламаларын күшейту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы жұмыс аясында жоғары оқу орындарымен (М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы, Астана IT университеті, МБА) меморандумдар жасалды. Бюро қызметкерлері дәріс оқып, университеттердің білім беру бағдарламаларын әзірлеуіне қатысады.


Қазір Бюро тарапынан жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларына қосу үшін статистикалық әдіснама мен статистикалық индикаторларды талдау бойынша 9 блоктан тұратын әмбебап модуль әзірленді.


«Статистикалық индикаторлардың әдістемесі мен талдауы» модулі аясында алғашқы дәріс М.В. Ломоносов атындағы ММУ Қазақстандағы филиалында «Экономика» мамандығының 3-курс студенттері үшін өтті.


Алғашқы кіріспе лекцияны Бюроның «Ақпараттық-есептеу орталығы» РМК Аналитикалық шешімдерді қалыптастыру департаментінің директоры Сәрсен Жаңабеков оқыды. Дәріс барысында ол статистикалық көрсеткіштерді талдаудың ерекше рөліне, сондай-ақ оларды есептеудің әдістемелік негіздеріне тоқталды. Сондай-ақ ол өз тәжірибесімен бөлісіп, ұлттық статистикалық жүйенің ерекшеліктері мен статистиканы қалыптастыру үдерісіне, мемлекеттік органның алдында тұрған өзекті міндеттерге жеке тоқталды.