
2022 жылғы қаңтар-қарашадағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 25 585,9 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 7,1% көбейді*.
2022 жылғы қаңтар-қарашадағы тауарлар экспорты 8 632,8 млн АҚШ доллары (22,3% көп), импорт – 16 953,1 млн АҚШ доллары (0,7% көп) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,3%, Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,6%, Армения Республикасына – 0,1%-дан келеді.

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда радиоактивті химия элементтері бойынша 2,1 есе өсім байқалады. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кені мен концентраты бойынша төмендеу байқалады (77,2% аз).
Импортта бидай мен меслин бойынша өсім байқалады – 1,7 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша төмендеу байқалады (76,2% аз).
