Қазақстан Республикасындағы халықтың 2019 жылғы IV тоқсандағы табыстары мен шығыстарының саралануы туралы

Қазақстан Республикасындағы халықтың 2019 жылғы IV тоқсандағы табыстары мен шығыстарының саралануы туралы

Үй шаруашылықтарын іріктемелі зерттеу бойынша табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі (кедейлік деңгейі), 2019 жылғы IV тоқсанда 3,8%-ды құрады, бұл өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа жоғары.            

2019 жылғы IV тоқсанда кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Түркістан (10,1%), Солтүстік Қазақстан (5,5%) және Шығыс Қазақстан (4,9%) облыстарында байқалды, ал ең төмені – Нұр-Сұлтан қаласында (1,2%)  тіркелді.

 16-1.1kz

 

Децильдік бөлудегі үй шаруашылықтарының шығыстары табыстар сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді. Сонымен,  2019 жылғы IV тоқсанда азық-түлік тауарларына жұмсаған шығыстар деңгейіндегі 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген халықтың арасындағы айырмашылық 4,8 есені, азық-түлік емес тауарларға – 7,2 есені, ал ақылы көрсетілетін қызметтерге – 6,4 есені құрады.

 16-1.2kz

 

* 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің құрылымы өзгерді. Азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесі ең төменгі азық-түлік себеті құнының 45%-ы  мөлшерінде белгіленді (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 7 қыркүйектегі №296 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 9 қазандағы №354 бірлескен бұйрығы).