2020 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасында 80933 жеңіл автомобиль тіркелген немесе өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,3%-ға ұлғайды. Қазақстан Республикасында 2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша тіркелген жеңіл автомобильдердің саны 3907,5 мың бірлікті құрады.1)
Ағымдағы жылғы қаңтарда 1289 адам зардап шеккен 908 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апаттылық 4,7%-ға азайды.2)
2020 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдарымен көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру бойынша 2,7 млрд. теңге сомасына 6884 сақтандыру төлем жүзеге асырылды.3)
1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.
2)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.
3)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.