Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері Дүниежүзілік банк сарапшыларының оқуынан өтті

Ұлттық статистика бюросының қызметкерлері Дүниежүзілік банк сарапшыларының оқуынан өтті

Дүниежүзілік банк экономистері Астанада Ұлттық статистика бюросының мамандары үшін шағын аумақтарды бағалау бойынша оқыту семинарын өткізді.

Оқыту барысында Дүниежүзілік банктің өкілдері әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, білім алушыларды фискалдық саясаттың ресурстарды бөлудегі ерекшеліктермен таныстырды және фискалдық саясаттың үй шаруашылықтарының бюджетіне қалай әсер етуі мүмкін екендігі туралы  көзқарастарымен бөлісті. Олардың пікірінше, фискалдық саясаттың әсерін талдау әлсіз жақтарды, салық мен шығыстарды қайта бөлудегі тиімсіз шектеулерді анықтауға, кедейлік пен теңсіздік аспектілері бойынша басқа елдермен салыстырулар жүргізуге көмектеседі.

Сонымен бірге, миссия шеңберінде Дүниежүзілік банк Stata SE арнайы статистикалық бағдарламалық құралын пайдалана отырып, бұрын ресми статистикалық байқаумен қамтылмаған шағын аумақтарды бағалау бойынша есептеулер жүргізді.

Бағалау аумақтар мен бақылау бірліктеріне негізделген әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Әдістердің екеуі де қолжетімді әкімшілік деректерді және ресми сауалнамаға қосылмаған аумақтардың өнімділігін бағалау үшін регрессиялық модель құрастырылатын басқа көздерден алынған деректерді (мысалы, спутник суреттері) пайдаланады.

Сонымен қатар, семинар барысында «Қазақстанды тыңдай отырып» сауалнамасы негізінде саясатты әзірлеу мәселелері және салық-бюджет саясатының халық арасында кедейлік деңгейіне әсер етуінің бөлінісі әдіснамасының мәселелері талқыланды.

Семинар соңында тараптар қосымша мәселелерді талқылап, аталған тақырып шеңберінде ынтымақтастықты одан әрі жалғастыру қажеттігі туралы пікір білдірді.