
Денсаулық сақтаудың қосалқы шоты осы саладағы кірістердің, шығыстардың, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің барлық ағындарын көрсететін кестелер мен шоттарды қалыптастыруды көздейтін жүйе. Бұл шот шығындардың, қайда, не үшін және кім үшін жұмсалғанын, шығындардың уақыт өте келе қалай өзгеретінін бақылауға мүмкіндік береді және оның көмегімен жағдайы ұқсас елдердің шығындарымен салыстыруға мүмкіндек береді. Пилоттық шот 2017-2020 жылдардың мәліметтерін қамтиды.
«Денсаулық сақтаудың қосалқы шотының артықшылығы – денсаулық сақтау қызметтері мен тауарларын жеткізушілері бөлінісінде медициналық тауарлар мен қызметтерді өндіру және тұтыну динамикасын қадағалау мүмкіндігі, олардың экспорты мен импорты, сондай-ақ активтердің түрлері бойынша денсаулық сақтау салаларындағы негізгі қорларды сатып алу», – дейді Бюроның ұлттық шоттар департаментінің директоры Әсет Нақыпбеков.
Қосалқы шот мәліметтеріне сәйкес, 2020 жылы пандемия кезінде денсаулық сақтау қызметтерін өндіру мен тұтыну көрсеткішінің күрт өскені байқалды. Денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтерінің жалпы шығарылымы 2 есеге жуық өсті – 2019 жылғы 2,2 трлн теңгеден 2020 жылы 4,3 трлн теңгеге дейін.

Шығарылымның ең көп өсімі (4 есе) амбулаториялық көмек берушілер тарапынан байқалды – 245,9 млрд теңгеден 970,9 млрд теңгеге дейін.
Номиналды түрде стационарлар қызметтерінің шығарылымы 84,1%-ға өсті: 2019 жылы 1 309,6 млрд теңгеден 2020 жылы 2 410,5 млрд теңгеге дейін. Бірінші кезекте емдік көмек көрсету есебінен.
Толық ақпарат stat.gov.kz сайтындағы «Ұлттық шоттар статистикасы» бөліміндегі кестелерде келтірілген. Бұл есептеулер ұлттық шоттар жүйесі және денсаулық сақтау шоттары жүйесі туралы басшылыққа сәйкес халықаралық сарапшылардың ұсынымдарын ескере отырып қалыптастырылды. Бұл бағалау жыл сайын макродеңгейде жүргізіледі деп жоспарлануда.
Қалыптастырылатын бағалаудың сапасын жақсарту мақсатында пайдаланушылар пилоттық шотқа өз ұсыныстары мен ескертулерін to.bekturova@aspire.gov.kz және m.madibekova@aspire.gov.kz электрондық мекенжайларына жібере алады.
Туындайтын сұрақтар бойынша 8 (7172)749260, 8 (7172)749304 телефондарына хабарласуға болады.