
Ұлттық статистика бюросы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының студенттері үшін қонақ дәрістерін өткізді.
Дәрістер жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық туралы меморандум аясында өткізілді, оның мақсаты статистикалық талдау әдістерін, әдіснамасын, әлеуметтік-экономикалық процестерді болжау және ұлттық экономиканың жай-күйін болжау әдістері турасында терең теориялық білімі бар жоғары білікті мамандарды даярлау.

Бюро өкілдері бакалавриат студенттеріне демография және көші-қон, базалық салалардың дамуын талдау, ЖІӨ әдіснамасы мен сараптамасы, инфляция және баға индексі сияқты тақырыптық бағыттар бойынша дәріс берді. Сонымен қатар олар студенттерді Бюро жұмысының негізгі бағыттарымен таныстырды.
«Бұл шара еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіби дағдыларды қалыптастыруға бағытталған. 2023 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандық филиалымен магистратураға арналған «Ұлттық экономиканың статистикалық талдауы» бағдарламасы аясында кадрларды даярлау жоспарланып отыр», – дейді ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов.

Осы сияқты меморандум, сондай-ақ, АСТАНА IT УНИВЕРСИТЕТімен де жасалды. Бюро жас мамандардың кәсіби дағдылары мен білімдерін дамытуға ықпал ететін түрлі дәрістер мен байқаулар өткізіп, жас мамандарға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді.