Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2020 жылғы қаңтар-ақпанда 2019 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 104,9% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.
2020 жылғы қаңтар-ақпанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 1480,3 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 11,6% артық.
2020 жылғы қаңтар-ақпанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 4643,6 млрд. теңгені құрды, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 5,8% артық. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 4,7%, өңдеу өнеркәсібінде өндіріс – 9,4%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4,1% артты. Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 2,3% азайды.
2020 жылғы қаңтар-ақпанда ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 298,6 млрд. теңгені құрап, 2019 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 2,2% артты.
2020 жылғы қаңтар-ақпанда құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 208,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2019 жылғы қаңтар-ақпанға қарағанда 11,9% артық.
2020 жылғы қаңтар-ақпанда «Көлік» саласы бойынша нақты көлемі индексі 100,4% құрады.
2020 жылғы қаңтар-ақпанда жүк айналымының көлемі 91,1 млрд. т-км (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2019 жылғы қаңтар-ақпанмен салыстырғанда 0,1% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 45,4 млрд. ж-км құрап, 0,5% артты.
2020 жылғы қаңтар-ақпанда «Байланыс статистикасы» саласы бойынша нақты көлемі индексі 110,7% құрады.
2020 жылғы қаңтар-ақпанда «Сауда» саласы бойынша нақты көлемі индексі 103,6% құрады.
2020 жылғы қаңтар-ақпанда бөлшек сауда көлемі 1537,6 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейіне 103,8% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтар-ақпанда көтерме сауда көлемі 3238,6 млрд. теңгені немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейіне 104,2% құрады (салыстырмалы бағада).
2020 жылғы қаңтарда Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 6759,1 млн. АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтармен салыстырғанда 11,3% азайды, оның ішінде экспорт – 4330,6 млн. АҚШ долларын (19% аз), импорт – 2428,5 млн. АҚШ долларын құрады (6,7% көп).
2020 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 449529 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 440903 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 312952 құрады, оның ішінде 304647 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2020 жылғы ақпанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,3% құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар – 1,9%, азық-түлік емес тауарларға – 1%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 0,9% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2020 жылғы ақпанда 2019 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,1% төмендеді.
Әлеуметтік сектор
2020 жылғы қаңтардағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 106421 теңгені (алдын ала деректер) құрады, бұл 2019 жылғы қаңтарға қарағанда 9,3% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 3,5% артты.
2020 жылғы ақпанда бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 198200 теңгені құрады.
2020 жылғы ақпанда жұмыссыздар саны бағалау бойынша 441,6 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2020 жылғы ақпанның соңына 140 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,5%.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасы Әлеуметтік-экономикалық дамуы
| Орындаушы: | Басқарма басшысы: | Баспасөз қызметі: | Мекен-жайы: |
| Төлеутаева А.М. | Тұрмағанбет Б.Ә. | Әсем Алданғарқызы | 010000, Нұр-Сұлтан қаласы |
| Тел. +7 7172 749509 | Тел. +7 7172 749077 | Тел. +7 7172 749002 | Мәңгілік ел көшесі, 8 үй, |
| a.aldangarkyzy @economy.gov.kz |
Министрліктер Үйі, 4 кіреберіс |
© Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті