Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-қарашадағы жағдайы туралы

Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-қарашадағы жағдайы туралы

Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-қарашада 13 689,8 млрд теңгені құрады немесе 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2% жоғары. Дара кәсіпкерлермен тауарларды бөлшек саудада өткізу 2,5% өсті.

Азық-түлік тауарларының бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 35,4% құрады, азық-түлікке жатпайтын  тауарлар – 64,6%.

Сату көлемінің ең көп өсімі азық-түлікке жатпайтын тауарлар бойынша, атап айтқанда арнайы дүкендердегі жиһаздар, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, киім, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, былғарыдан жасалған бұйымдар, косметикалық тауарлар мен дәретхана керек-жарақтары, жарықтандыру құралдары мен тұрмыстық тауарлар, сағат және зергерлік бұйымдар, мотор отыны, музыкалық аспаптар, электр құралдары, фармацевтикалық тауарлар және аяқ киім сататын кәсіпорындарда байқалды.

2022 жылғы 1 желтоқсанға сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 351,8 млрд теңгені, сауда күндерінде 58 күнді құрады.

 

 

2022 жылғы қаңтар-қараша республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлессалмақ Алматы (32,2%) мен Астана қаласына (12,4%), Қарағанды (8,4%) және Шығыс Қазақстан (5,9%) облыстарына тиесілі.