
2020 жылғы 28 – ақпанда Статистика комитеті Мемлекеттік статистика саласындағы заңнаманы әкімшілік дереккөздермен өзара іс-қимыл жасауға ерекше көңіл бөле отырып жариялау мақсатында құқықтық жалпы оқытуды ұйымдастырды.
Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, Статистика комитетінің және оның аумақтық департаменттерінің қызметкерлері қатысты.
Құқықтық жалпы оқыту шеңберінде статистикалық және статистикалық емес қызметке қатысты, оның ішінде мемлекеттік бақылау саласында да бірқатар мәселелер талқыланды.
Өз кезегінде әкімшілік көздерге қатысты мемлекеттік бақылау әкімшілік деректерді жинауға арналған келісілмеген нысандарды; көрсеткіштерді есептеудің келісілмеген әдістемелерін; әкімшілік көздермен ұсынылған әкімшілік деректердің дұрыстығын; әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дұрыстығын анықтау мақсатында жүргізіледі.
Статистикалық ақпараттарды қалыптастыру кезінде дерек көзі ретінде әкімшілік деректер қызмет етеді, осыған байланысты олардың сапасын және уақытылы ұсынылуын қамтамасыз ету қажет, бұл өз кезегінде респонденттерге жүктемені азайтады және қайталанатын көрсеткіштердің жиналуын болдырмайды.