Астанада «Актив ретіндегі деректер» атты деректерді басқару форумы өтеді

Астанада «Актив ретіндегі деректер» атты деректерді басқару форумы өтеді

24 қарашада DAMA Kazakhstan елімізде осымен екінші рет деректермен жұмыс істеу стратегиясын айқындайтын, оны іске асыратын және объективті шынайы деректер негізінде кәсіпорынды басқаратын барлық кәсіби маманды біріктіретін, деректерді басқару жөніндегі «Актив ретіндегі деректер» форумын өткізеді.

Форум қатысушылары мемлекеттік сектор, қаржы, тау-кен металлургиясы және басқа да салалардан өз кейстерін ұсынады.

Форум спикерлерінің бірі – ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов. Ол мемлекеттік статистиканы трансформациялаудағы дата менеджмент рөлі туралы айтып береді.

Сондай-ақ форумда Бюроның мемлекеттік статистиканы және деректердің ұлттық экожүйесін дамыту жөніндегі жобасы ұсынылады.

Бұдан бөлек форум аясында «DAMA KZ Awards» байқауының жеңімпаздары марапатталады. Шараға деректермен жұмыс істейтін барлық маманды тәжірибе алмасу, Индустрия трендтерін талқылау және нетворкинг үшін шақырамыз.

Форумның Онлайн-трансляциясын мына сілтеме бойынша көруге болады https://youtu.be/lPaPvavheng