Qazdatathon байқауына қатысуға 18 команда өтініш білдірді

Qazdatathon байқауына қатысуға 18 команда өтініш білдірді

Деректермен жұмыс істеу жөніндегі Qazdatathon конкурсына қатысу өтінімдерін қабылдау аяқталды.

Жобаның datathon.kz сайтында 13 жоғары оқу орнының магистранттары мен докторанттары тіркелді. Қазақстанның 5 қаласынан барлығы 18 команда жиналды.

Сонымен қатар байқауға 10 ментор өтінім берді, олар іс-шараның соңына дейін командалардың тәлімгері ретінде бірге жұмыс істейді. Конкурс ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросы және ҚР Ұлттық Банкінің төлем және қаржылық технологияларын дамыту орталығымен бірлесіп ұыйымдастырылған.

1 желтоқсанға дейін командалар өз жобаларын синтетикалық деректер негізінде әзірлейді. Қатысушыларға кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметі және транзакциялық қызметі бойынша деректер ұсынылған.

Бұдан кейін байқаудың қазылар алқасы іріктеу жүргізіп, ең үздіктері 9 желтоқсанда өтетін байқаудың финалына жолдама алады.

Конкурс жеңімпаздары мен жүлдегерлері демеушілер атынан электроника дүкендеріне сыйлық сертификаттарын, деректерді талдауға арналған «Qlik» бағдарламасының жылдық лицензиясын, бизнес-аналитика бойынша кітаптар, сондай-ақ конкурсты ұйымдастырушылар құрылымында тағылымдамадан өту мүмкіндігін алады.

Сондай-ақ, жеңімпаз командаға нақты деректер негізінде жобаны іске асыру мүмкіндігі беріледі.