Қыркүйек айында 102,2 мың автокөлік есепке қойылды

Қыркүйек айында 102,2 мың автокөлік есепке қойылды

2022 жылғы қыркүйекте 102,2 мың бірлік1) автокөлік құралы есепке қойылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,9% көп, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 10,4%-ға, жүк автомобильдері – 20,8%-ға, автобустар саны 5,6%-ға артты. 

Мәселен, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны  

4 362 мың бірлікті құрады, оның ішінде 87,8%-ы жеңіл автомобильдер, 10,2%-ы жүк автомобильдері және 2%-ы автобустар.

2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте 10 258 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 15 092 адам зардап шеккен. Өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда апат саны 8,9%-ға артты.2)

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру ұйымдары 35,9 млрд теңге сомасында 68 885 сақтандыру төлемін жүзеге асырды. 3)