Жамбыл облысы бойынша аумақтық бюро департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Жамбыл облысы бойынша аумақтық бюро департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Сырым Мәдиев ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің директоры болып тағайындалды, бұған дейін ол Ұлттық статистика бюросының Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарған.


Сырым Мәдиев Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын «Су шаруашылығын ұйымдастыру және экономика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Жамбыл қаласы Экономика және жоспарлау кафедрасының оқытушысы болып бастаған. Тараз қаласындағы экономика және менеджмент факультетінде оқытушы қызметінен деканның тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына дейін өсті.


1999 жылдан бастап статистика құрылымында жұмыс істей бастады, Жамбыл облыстық статистика басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап Жамбыл облысының статистика басқармасын басқарды. 2021-2022 жылдары Шымкент қаласы бойынша статистика департаментінің басшысы қызметін атқарды.


Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Түркістан облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған, «Құрмет» орденінің иегері.