2022 жылғы III тоқсандағы өнеркәсіп, сауда және құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруі

2022 жылғы III тоқсандағы өнеркәсіп, сауда және құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруі

Өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары өткен тоқсанмен салыстырғанда 2022 жылдың III тоқсанында өнім шығарудың заттай түрде азайғанын атап өтті. Есепті кезеңде дайын өнімге сұраныс шамалы өсті. Осылайша, 2022 жылдың III тоқсанында өткен тоқсанмен салыстырғанда сұраныстың өзгеруін бағалау балансы 3%-ды, өндіріс өзгеруін бағалау балансы 2%-ды құрады (2022 жылдың II тоқсанында тиісінше 2% және 5%).

2022 жылдың III тоқсанында жүргізілген сауалнамалық зерттеу нәтижелері бойынша алынған өнеркәсіптік кәсіпорындардың іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерлік сенімділік индексі төмендеп, 5%-ды құрады. Бұл ретте, өнеркәсіптік кәсіпорындардың 69%-ы қазіргі сәтпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметтің өзгермейтіндігін, 13%-ы жақсаруды және 9% -ы нашарлауды күтеді.

Сауда кәсіпорындарының 2022 жылғы III тоқсандағы сауалнамасының нәтижелері бойынша алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда тұтынушылық сұраныс өзгеріссіз қалды. 2022 жылғы III тоқсандағы сұраныстың өзгеруін бағалау балансы екінші тоқсанмен салыстырғанда -4% (2022 жылғы II тоқсанда -4%) құрады, тауар айналымы көлемін бағалау балансы 1%-дан 0%-ға дейін төмендеді.

2022 жылғы III тоқсанда жүргізілген сауалнамалық зерттеу нәтижелері бойынша алынған сауда кәсіпорындарының іскерлік белсенділігін сипаттайтын кәсіпкерлік сенімділік индексі -2%-ды құрады. Мұндай айтарлықтай төмендеуге сұраныс пен экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы әсер етті.

                Сауда кәсіпорындарының жартысынан көбі – 61% ағымдағы сәтпен салыстырғанда қаржы-шаруашылық қызметтің өзгермейтіндігін күтеді, 14%  жақсарады және 11% нашарлайды деп санайды.

                Құрылыс кәсіпорындарының басшылары 2022 жылдың III тоқсанында 2022 жылдың II тоқсанымен салыстырғанда экономикалық жағдайдың нашарлағанын атап өтті. Мәселен, тапсырыстар портфелінің бағаларын өзгерту балансы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда азайып, 2%-ды құрады. Орындалатын жұмыстардың нақты көлемінің өзгеруін бағалау балансы 7%-дан 2%-ға дейін төмендеді.

                2022 жылғы III тоқсанда жүргізілген зерттеу сауалнама нәтижелері бойынша алынған құрылыс кәсіпорындарының іскерлік белсенділігінің өзгеруін сипаттайтын кәсіпкерліктің сенімділік индексі өзгергерді және (-4%)-ды құрады.

                Құрылыс кәсіпорындарының 67%-ы қаржылық-шаруашылық белсенділіктің ағымдағы кезеңмен салыстырғанда өзгеріссіз қалатынын, 9%-ы жақсаратынын және 11%-ы нашарлауын күтеді.

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Өнеркәсіп кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан сұраныс деңгейін бағалау және дайын өнімнің қоры (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ өндіріс көлемінің болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.

Сауда кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі нақты қалыптасқан экономикалық жағдай деңгейін бағалау мен қоймадағы қорлар (соңғысы кері белгімен), сондай-ақ экономикалық жағдайдың болжалды өзгерістері «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі.

Құрылыс кәсіпорындарының кәсіпкерліктің сенімділік индексі тапсырыстар портфелінің нақты жай-күйін және ұйымдарда жұмыс істейтіндер санының күтілетін өзгерісін бағалау «баланстарының» арифметикалық орта мәні ретінде пайызбен есептеледі. Зерттеліп отырған кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сол немесе өзге көрсеткішінің «өсуін» және «кемуін» атап өткен респонденттердің пайыздық үлесінің айырмашылығы баланс деп ұғынылады.