
Экономикалық сектор
Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-қыркүйекте былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 103,5% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 503632 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,4% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 494774 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 383011 құрады, оның ішінде 374351 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).
Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы қыркүйекте 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 115,4% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 19,5%, азық-түлік емес тауарларға – 14,0%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 10,8% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы қыркүйекте 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12,2% өсті.
Әлеуметтік сектор
2022 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 151931 (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2021 жылғы тамызға қарағанда 17,1% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 0,9% артты.
2022 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,5 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы қыркүйектің соңына 256,9 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,8%.