Бюроның Шымкент қаласы бойынша аумақтық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Бюроның Шымкент қаласы бойынша аумақтық басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Ұлттық статистика бюросының Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы болып Ерназар Құлтаев тағайындалды, бұған дейін ол Жамбыл облысының департаментінде дәл осындай қызмет атқарған болатын.

Ерназар Құлтаев Қазақ политехникалық институтын «Электрондық Есептеу Машинасы» мамандығы бойынша, сондай-ақ Республикалық бухгалтерлік кадрларды қайта даярлау институтын «Экономика және бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар Қазақстан халықтар достығы инженерлік-педагогикалық университетінде экономика магистрі дәрежесін алған.

Еңбек жолын Шымкент облыстық статистика және талдау басқармасында инженер-жүйетехник болып бастаған. Меритократия қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтің барлық сатыларынан өтті. Халық санағы мәселелерімен айналысқан. Өнеркәсіп, құрылыс және аграрлық секторлар статистикасы басқармаларының бастығы болып жұмыс істеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының ақпараттық-статистикалық орталығының бөлім басшысы болды. Ұзақ жылдар бойы Оңтүстік Қазақстан облысы статистика департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарды. Жоғарыда аталған лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментін басқарған.