
2022 жылғы қаңтар-тамыздағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 17 280,7 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 4,5% көбейді*.
2022 жылғы қаңтар-тамыздағы тауарлар экспорты 5 496,5 млн. АҚШ доллары (8% көп), импорт – 11 784,2 млн АҚШ доллары (2,9% көп)деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,5%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 4%, Беларусь Республикасына – 3,4%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы*
(млн. АҚШ доллары)
|
|
Экспорт |
Импорт |
||
|
қаңтар-тамыз 2021ж. |
қаңтар-тамыз 2022ж. |
қаңтар-тамыз 2021ж. |
қаңтар-тамыз 2022ж. |
|
|
Ресей |
4 588,1 |
4 984,6 |
10 714,3 |
10 997,8 |
|
Қырғызстан |
428,8 |
444,6 |
225,6 |
244,7 |
|
Беларусь |
69,9 |
60,2 |
502,8 |
534,0 |
|
Армения |
4,7 |
7,1 |
6,5 |
7,6 |
|
Барлығы |
5 091,6 |
5 496,5 |
11 449,2 |
11 784,2 |
* Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы шамалы айырмашылықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі.
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық элементтер бойынша 2 есе өсім байқалады. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (73,6% аз).
Импортта қара металдардан жасалған дөңгелек қимасы бар өзге де құбырлар мен түтіктер бойынша өсім байқалады – 4 есе.
Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша төмендеу байқалады (69,6% аз).
