Грузияда Қазақстанның статистикалық жүйесі таныстырылды

Грузияда Қазақстанның статистикалық жүйесі таныстырылды

Тбилисиде Орталық Азия елдерінің ұлттық статистикалық мекемелеріне арналған семинар өтті.

Еуростат, Еуропалық еркін сауда қауымдастығы (ЕЕСҚ) және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы (БҰҰ ЕЭК) ұйымдастырған іс-шараға Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия елдерінің ұлттық статистикалық басқармаларының басшылары қатысты.

Қатысушылар қатарынан үш күн Еуропалық көршілестік саясатын, статистика жүйесіндегі соңғы жаңалықтарды талқылады, сондай-ақ ресми статистиканы өндіруде баламалы деректер көздері мен инновациялық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мен мүмкіндіктерін қарастырды.

Шарада Бюроның әдіснамалық даму және деректерді басқару саясаты департаментінің директоры Марина Мисюра Қазақстанның статистикалық жүйесінің дамуы және болашаққа арналған жоспарлары туралы баяндама жасады.

Оның айтуынша, таяу болашақтағы ұлттық статистиканы дамытудың негізгі бағыттары: әдіснамалық базаны жетілдіру, цифрландыру жүйесін ретке келтіру, сонымен қатар әкімшілік және баламалы көздерді пайдаланып ұйымдастырушылық өзгерістерді жетілдіру болатынын тілге тиек етті.

«Бүгінгі таңда ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының алдында деректерді басқарудың бірыңғай саясатын құру міндеті тұр, ол Data-Driven-тәсілін іс жүзінде іске асыра отырып, заманауи қажеттіліктер мен мүмкіндіктерге сәйкес келетін деректерді басқарудың бірыңғай саясатын оңтайландыру жүйесін жетілдіру. Қазіргі уақытта статистикалық жүйені реформалаудың бірінші кезеңі іс жүзінде аяқталды, оның нәтижесі әкімшілік және баламалы ақпарат көздерінің бастапқы деректеріне қол жеткізу бөлігінде қолданыстағы заңнамаға елеулі өзгерістер енгізу болатын», – деді Марина Мисюра.

Еске салайық, Дүниежүзілік банктің 2019 жылғы статистикалық тиімділікті (SPI) бағалау нәтижелері бойынша Қазақстан ұлттық статистика жүйесінің тиімділігі бойынша 41-ші орынды иеленді.