«Қазақстанды тыңдай отырып» жобасы халықтың әл-ауқатын анықтау бойынша ҰСБ-ның ресми статистикасы үшін қосымша пайдалы құрал бола алады

«Қазақстанды тыңдай отырып» жобасы халықтың әл-ауқатын анықтау бойынша ҰСБ-ның ресми статистикасы үшін қосымша пайдалы құрал бола алады

 Бұл туралы Дүниежүзілік банк пен UNICEF-тің бірлескен «Қазақстанды тыңдай отырып» жобасының тұсаукесерінде ҚР СЖРА Ұлттық статистика бюросының басшысы Жандос Шаймарданов мәлімдеді.

Бүгінгі таңда зерттеу нәтижелері жаһандық және аймақтық қауіп факторлары еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалына зор әсер еткенін көрсетті. Сауалнамаға қатысушылар ішкі инфляцияға алаңдаушылықтарын білдірді. Сұрақтарға жауап беру барысында респонденттердің үштен екі бөлігі елдің ұзақ мерзімді экономикалық перспективаларына қатысты сенімін білдірді және сауалнамаға қатысқандардың дәл сондай үлесі Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың дұрыс екенін атап өтті. Сондай-ақ, сауалнама барысында сарапшылар халықтың осал топтарына қатысты мемлекеттік қолдау шараларын жүргізу мен кедейлер қатарынан шығу арасындағы қатынас заңдылығын байқады. Бұл нәтиже респонденттердің мемлекеттік бағдарламалардың табысты жүзеге асуы мен халықтың оларды  дұрыс қабылдауының арасында өзара байланыстың байқағанын көрсетеді.

 

Жандос Шаймардановтың айтуынша, жан-жақты көздерден алынған мәліметтер деректерге негізделген саясатқа көшудің негізгі элементі болып табылады. Сонымен қатар, балама ақпарат көздерін пайдаланудың барлық нұсқасы қарастырылады.

«Қазақстанды тыңдай отырып» жобасы халықтың әлеуметтік-экономикалық оқиғаларға деген көзқарасын тұрақты негізде анықтап отыруға мүмкіндік беретіндігімен пайдалы. Бұл сауалнаманың әлеуеті «Дейін және Кейін» түріндегі талдау жүргізу арқылы саяси бастамалардың тиімділігін дәлірек бағалауға мүмкіндік береді. Болашақта біз жайттарды неғұрлым дәл анықтау үшін сауалнама деректерін статистикалық және әкімшілік деректермен байыта аламыз», – деді бюро басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, Дүниежүзілік банкпен Ұлттық статистика бюросы бұрыннан бері ынтымақтастық жүргізіп келеді. Болашақта ол салық пен мемлекеттік шығыстардың үй шаруашылықтарының кірісіне әсерін бағалаудың микросимуляциялық моделін құру, Қазақстандағы шағын аудандарды бағалау бойынша бірлескен зерттеулер жүргізу барысында жаңа деңгейге шығады деп күтілуде.

БҰҰ-ның UNICEF балалар қорымен Бюро 2023 жылы бұдан бұрын 3 раундпен жүргізілген зерттеулерді жалғастыра отырып, балалар мен әйелдердің жағдайы бойынша ірі мультииндикаторлық кластерлік тексеру жүргізуді жоспарлап отыр.