
Ұлытау облысы бойынша Ұлттық статистика бюросы департаментінің басшысы болып Жарымбетова Сәния Досмағанбетқызы тағайындалды, бұған дейін ол бюроның орталық аппаратының баға статистикасы департаментінде жұмыс істеген. Аймақтық бөлімнің жаңа басшысын қайта құрылған облыс ұжымына Бюро басшысының орынбасары Жасер Жарқынбаев таныстырды.
Сәния Жарымбетова Қазақ гуманитарлық заң университетін Құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Алматы Экономика және статистика академиясының экономист дипломы бар. Сонымен қатар 2016 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдады, мамандығы – Статистика.
Еңбек жолын жеке секторда заңгер болып бастаған. Статистика саласында 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Меритократия қағидаты бойынша Мемлекеттік қызмет мансабының барлық сатысынан өтті. Астана қаласы бойынша статистика департаментінде әртүрлі қызметтер атқарған. Алматы статистика департаменті басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. Облыс бойынша департамент басшысы болып тағайындалғанға дейін Ұлттық статистика бюросының орталық аппаратында еңбек етті.