
2022 жылғы қаңтар-шілдедегі Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 14 781 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 3,6% көбейді*.
2022 жылғы қаңтар-шілдедегі тауарлар экспорты 4 524,3 млн АҚШ доллары (2% көп), импорт - 10 256,8 млн АҚШ доллары (4,3% көп) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымының жалпы көлеміндегі ЕАЭО елдерінің үлесі:
Ресей Федерациясы – 92,5%, Қырғызстан Республикасы – 4%, Беларусь Республикасы – 3,4%, Армения Республикасы – 0,1%.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы*
(млн АҚШ доллары)
|
|
Экспорт |
Импорт |
||
|
қаңтар-шілде 2021ж. |
қаңтар-шілде 2022ж. |
қаңтар- шілде 2021ж. |
қаңтар- шілде 2022ж. |
|
|
Ресей |
4 001,2 |
4 103,7 |
9 210,6 |
9 570,7 |
|
Қырғызстан |
368,0 |
367,1 |
193,4 |
221,1 |
|
Беларусь |
62,9 |
48,2 |
427,1 |
458,5 |
|
Армения |
4,0 |
5,4 |
5,8 |
6,4 |
|
Барлығы |
4 436,0 |
4 524,3 |
9 836,9 |
10 256,8 |
* Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы шамалы айырмашылықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі.
ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда радиоактивті химиялық изотоптардың элементтері мен олардың қосылыстары; құрамында осы өнімдер бар қоспалар мен қалдықтар бойынша өсім 1,7 есе болды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кені мен концентраттары бойынша төмендеу байқалады (69,7% аз).
Импортта мыс кені мен концентраттары бойынша өсім байқалады – 4,1 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша төмендеу бар (66,7% аз).

* Алдын ала деректер.
www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Сыртқы және өзара сауда статистикасы