Шілде айында 93 мың автокөлік есепке қойылды

Шілде айында 93 мың автокөлік есепке қойылды

2022 жылғы шілдеде есепке 93 мың1) бірлік автокөлік құралы қойылды, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 8,9% артық көрсеткіш, оның ішінде жеңіл автомобильдер – 8,9%-ға, жүк автомобильдері – 10,1%-ға, автобустар – 8,7%-ға артты.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөлік құралдарының саны 4 362 мың бірлікті құрады, оның 87,7%-ы жеңіл автомобильдер, 10,4%-ы жүк автомобильдері және 1,9%-ы  автобустар.

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында 7 862 жол-көлік оқиғасы тіркелді, онда 11 584 адам зардап шекті. 2021 жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда жол апаттары 9,4%-ға ұлғайды2).

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша сақтандыру ұйымдары көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша 27,6 млрд теңге сомасына 54 408 сақтандыру төлемін жүзеге асырды3).

 

1)Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің деректері бойынша.

2)Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің деректері бойынша.

3)Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деректері бойынша.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Көлік статистикасы