Бюроның орталық аппараты мен аймақтық департаменттерінде ұлт ұстазы – Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына арналған дөңгелек үстел, шығармашылық байқаулар мен сайыстар өткізілді. Мемлекеттік қызметшілер Ахмет Байтұрсынұлының қызметі мен шығармашылығына арнап жарыс өткізіп, сахналанған көрініс қойып, эсселерін арнады.
Орталық аппарат қызметшілері арасында өткізілген байқауға 20 шақты қызметкер атсалысып, белсенділік танытты. Байқауға қатысушылар арнайы роликтер түсіріп, Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдерін оқып, шығармалар жазды.
«Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО аясында атап өтіледі. Ғалымның ағарту жұмыстары, қазақ тіл білімінің негізін қалаудағы, саясаткерлік пен қоғам дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Бюро қызметшілері зиялы азаматтың еңбегі мен ғұмырын құрметтеп, ұйымдастырған шараларға белсене қатысты. Алаш қайраткерінің еліміздің тарихында өшпес ізі қалғаны анық», – дейді Бюро Басшысының орынбасары Мақсат Тұрлыбаев.
Айта кетейік, шара Бюроның тіл саясатын іске асырудың мемлекеттік бағдарламасы мен Қазақстан халқы тілдерінің күнін атап өту аясында ұйымдастырылды.