2022 жылғы қаңтар-шілдеде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104% құрды

2022 жылғы қаңтар-шілдеде қысқа мерзімді экономикалық индикатор 104% құрды

Экономикалық сектор

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2022 жылғы қаңтар-шілдеде былтырғы сәйкес мерзімге қарағанда 104% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделдікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ің 60%-ан астамын құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

 

 

2022 жылғы қаңтар-шілде

2021 жылғы қаңтар-шіледеге пайызбен

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі, млрд теңге

6 872,0

104,5

Өнеркәсіп өнімінің (тауарлар, қызметтер) көлемі,
млрд теңге

28 085,5

102,7

Ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімі (қызметі) жалпы шығарылымының көлемі,
млрд теңге

2 388,2

102,1

Құрылыс жұмыстарының көлемі, млрд теңге

2 525,7

108,6

Жүк айналымының көлемі, млрд т-км

343,2

104,5

Жолаушылар айналымының көлемі, млрд п-км

61,5

118,3

Байланыс қызметінің көлемі, млрд теңге

613,8

106,5

Бөлшек сауда көлемі, млрд тенге

7 474,4

102,1

Көтерме сауда көлемі, млрд тенге

17 310,8

108,0

Сыртқы сауда айналымы, млн АҚШ доллары

63 708,2 (2022 жылғы қаңтар-маусым)

139,4

 

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 496910 бірлікті құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 5,3% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 488015 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 375345 құрады, оның ішінде 366659 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2022 жылғы шілдеде 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 111,7% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 16,9%, азық-түлік емес тауарларға – 10%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 6,2% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2022 жылғы шілдеде 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 18,5% өсті.

 

Әлеуметтік сектор

2022 жылғы маусымда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстарын бағалау бойынша 145592  (алдын ала деректер) теңгені құрады, бұл 2021 жылғы маусымға қарағанда 12,2% жоғары, нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2% төмендеді.

2022 жылғы шілдеде жұмыссыздар саны бағалау бойынша 450,1 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны 2022 жылғы шілденің соңына 229,1мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 2,5%.

 

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Жарияланымдар / Айлық басылымдар / Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы