Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 102,7% құрады

Өнеркәсіп өндірісінің индексі 2022 жылғы қаңтар-шілдеде 102,7% құрады

Өндіріс көлемінің өсуі республиканың 16 өңірінде тіркелді, бұл ретте айтарлықтай өсім ­Абай облысында (8,7%), Шымкент қаласында (8,4%) және Шығыс Қазақстан  облысында (8%) байқалды. Төмендеу Жетісу (6,4%-ға), Павлодар (3,8%-ға), Қызылорда (3,5%-ға) және Қостанай (1,7%-ға) облыстарында тіркелді.

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында 28 085 млрд теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі саласында – 14 957 млрд теңге (жалпы көлемнен 53,2%), өңдеу өнеркәсібінде – 11 597 млрд теңге (41,3%).

2021 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда шикі мұнай (100,3%), табиғи газ өндіру (102,2%), сусындар (109,1%), темекі өнімдері (116,7%), химия (110,6%) және металлургия өнеркәсібі (105,3%), резеңке және пластмасса бұйымдары (105,3%), машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдары (103%) өндірісінің өсуі байқалды.

 

             2022 жылғы қаңтар-шілдедегі жекелеген өнім түрлерінің өндірісі

 

Өндірілгені

2021 жылғы

 қаңтар-шілдеге

пайызбен

мұнай, газ конденсатын қосқанда, млн тонна

49,9

100,3

мыс кендері, млн тонна

76,4

106,2

ұн, млн тонна

1,8

109,9

бензин, млн. тонна

2,8

105,2

тауарлық бетон, млн тонна

11,0

91,5

портландцемент, млн тонна

7,3

100,7

құрама құрылыс металл конструкциялары, мың тонна

44,1

102,0

электр энергиясы, млрд кВт. сағ.

65,7

98,8

         

 

 www.stat.gov.kz/ Ресми статистика / Салалар бойынша / Өнеркәсіп өндірісінің статистикасы