Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5% артты

Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 5% артты

2022 жылғы қаңтар-маусымдағы Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 12 571,8 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 5% көбейді*.

      2022 жылғы қаңтар-маусымдағы тауарлар экспорты 3 733,9 млн АҚШ доллары (0,2% аз), импорт - 8 837,9 млн. АҚШ доллары (7,3% көп) деңгейінде қалыптасты.

      Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына – 92,6%, бұдан әрі Қырғызстан Республикасына – 3,9%, Беларусь Республикасына – 3,4%, Армения Республикасына – 0,1% келеді.

 

                   Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы*

                                                            (млн АҚШ доллары)

 

 

Экспорт

Импорт

қаңтар-маусым

2021ж.

қаңтар-маусым

2022ж.

қаңтар- маусым

2021ж.

қаңтар- маусым

2022ж.

Ресей

3 372,0

3 387,8

7 715,0

8 255,9

Қырғызстан

312,2

303,3

156,9

192,3

Беларусь

55,4

38,4

357,5

384,6

Армения

3,0

4,3

4,8

5,1

Барлығы

3 742,5

3 733,9

8 234,3

8 837,9

 

 * Жекелеген жағдайларда қорытынды мен қосылғыштар сомасы арасындағы шамалы айырмашылықтар деректерді дөңгелектеумен түсіндіріледі.

        ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жасанды корунд (алюминий оксиді, алюминий гидроксиді) бойынша 2,9 есе өсім байқалды. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кені мен концентраты бойынша төмендеу байқалады (62,8% аз).

         Импортта ұнтақталған және ұнтақталмаған күнбағыс тұқымдары бойынша өсім байқалады – 12,4 есе. Бұл ретте жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша төмендеу байқалады (61,1 % аз).

 

 

* Алдын ала деректер.

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша / Сыртқы және өзара сауда статистикасы