Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-шілдедегі жағдайы туралы

Қазақстан Республикасындағы бөлшек сауданың 2022 жылғы қаңтар-шілдедегі жағдайы туралы

Бөлшек сауда көлемі 2022 жылғы қаңтар-шілде аралығында 7 474,4 млрд теңгені құрады немесе 2021 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 2,1% өсті. Дара кәсіпкерлердің тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 6% өсті.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі азық-түлік тауарларының үлесі 34% құрады, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі – 66%.

Сату көлемінің ең көп өсуі азық-түлікке жатпайтын тауарларға тиесілі, өсім атап айтқанда майлау материалдары, тоқыма және шұлық бұйымдары, автомобиль бөлшектері, тораптар мен керек-жарақтар, мотор отыны, тұрмыстық электр құралдары, фармацевтика тауарлары, компьютерлер, перифериялық жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз ету, киім, аяқ киім, косметика тауарлары мен жеке гигиена керек-жарақтары, сағат және зергерлік бұйымдар саудасымен айналысатын кәсіпорындарда байқалды.

2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша сауда кәсіпорындарының тауар қорларының көлемі (есеп берген кәсіпорындар бойынша) бөлшек саудада 1 093,4 млрд теңгені, сауда күндерінде 51 күнді құрады.

 

2022 жылғы қаңтар-шілде аралығындағы республикадағы бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі едәуір жоғары үлес салмақ Алматы қаласына (31,2%), Нұр-Сұлтан қаласына (11,9%), Қарағанды (8,3%) және Шығыс Қазақстан (6,5%) облыстарына тиесілі.

 

www.stat.gov.kz / Ресми статистика / Салалар бойынша/  Ішкі сауда статистикасы