2019 жылғы сәуірде республика экономикасында, бағалау бойынша 8,8 млн. адам жұмыспен қамтылды*. Жұмыспен қамтылған халықтың арасында 6,7 млн. адам (жұмыспен қамтылғандардың жалпы санынан 76,1%) жалдамалы қызмет бойынша жұмыспен қамтылған.
2019 жылғы сәуірде жұмыссыздар саны, бағалау бойынша 442,5 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,8% құрады. Жұмыспен қамту органдарында 2019 жылғы сәуір айының соңына 160,7 мың адам ресми тіркелген. Тіркелген жұмыссыздар үлесі жұмыс күшінің санының 1,8%-ын құрады.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі 2019 жылғы I тоқсанда жұмыс күшінің санының 0,3%-ын (31,2 мың адам) құрады.
* Бағалау. Деректер 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңына сәйкес.
________________________________________________________________________________________
Әдіснамалық түсіндірмелер:
Жұмыссыздар - бұл табысты кәсібі (жұмысы) болмаған, оны белсенді іздеген және жұмысқа кірісуге дайын тұлғалар.
Жасырын жұмыссыздық (лажсыздан толық емес жұмыспен қамтылу) - қысқартылған жұмыс аптасы немесе толық емес жұмыс күні режимінде жұмыс істейтін қызметкерлердің, сондай-ақ жалақысы сақталмайтын немесе еңбекақысы жартылай төленген әкімшілік демалыстарда болған қызметкерлердің санын көрсетеді.
Жасырын жұмыссыздық деңгейі - толық емес (жартылай) жұмыспен қамтылған және лажсыздан демалыста болған қызметкерлердің жұмыс күші санындағы, пайызбен өлшенетін үлесі.