ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДАҒЫ АТАУЛЫ АҚШАЛАЙ ТАБЫСТАРЫН БАҒАЛАУ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ХАЛҚЫНЫҢ 2019 ЖЫЛҒЫ НАУРЫЗДАҒЫ АТАУЛЫ АҚШАЛАЙ ТАБЫСТАРЫН БАҒАЛАУ

2019 жылғы наурызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 98566 теңгені құрады, бұл 2018 жылғы наурызға қарағанда 15% жоғары, аталған кезең ішінде нақты ақшалай табыстар 9,7% өсті.

 14-05-2019-2kz

2019 жылғы наурызда халықтың атаулы ақшалай табыстарының құрылымында жалдамалы жұмыспен қамтылудан түскен табыс 71,5%, жеке кәсіпкерлік қызметтен түскен табыстар - 11,2%, әлеуметтік трансферттер түріндегі табыстар - 16,3% және өзге де ақшалай табыстар 1%  құрады.

 

* Алдын ала деректер. Дереккөздердің нақтылануына байланысты деректер қайта есептеледі (2019 жылғы I тоқсан деректерін қайта есептеу күні - 28.06.2019жыл).

Осы тақырыптағы келесі баспасөз хабарламасы ағымдағы жылдың 13 маусымында шығады.